Си Цзиньпин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті

Уақыты: 2025-01-18 Көрлімі: 121 Сипаттама

Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп теле...

IMG_5796.jpeg

Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. 


  Трамп әңгіме барысында TikTok, сауда және бейбітшілікке қол жеткізу жолдарын сөз етті. Екі тарап ортақ мүдделерге қатысты мәселелерді талқылау үшін арнайы байланыс арнасын құруға келісті. Сондай-ақ ол бұл әңгіменің Қытай мен АҚШ үшін пайдалы әрі маңызды болғанын атап өтті.


   Си Цзиньпин Қытай-Америка қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты және Дональд Трамптың президент болуы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді деп үміт білдірді. Сонымен бірге, Қытай тарапы Тайвань мәселесіне сақтықпен қарау қажеттігін ескертті.


   Әңгіме АҚШ президентінің 20 қаңтарда өтетін инаугурациясына бірнеше күн қалғанда болды. Бұл екі көшбасшының 2021 жылдан бергі алғашқы байланысы.


    t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан



Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады
    Бюджеттік-салықтық реформалар жобасы сарапшылармен бірге талқыланды

    Ұқсас тақырыптар