Қытай алғаш рет жетекші ғалымдар саны жағынан АҚШ-тан алға шықты. Бұл туралы Шэньчжэнь қаласындағы Dongbi Data компаниясы жүргізген зерттеуде айтылды.
2020 жылы АҚШ-та 36,6 мың жетекші ғалым болған, бірақ бұл көрсеткіш 2024 жылы 31,8 мыңға дейін азайды. Осылайша, АҚШ-тың әлемдік ғылыми кадрлар қорындағы үлесі 33%-дан 27%-ға дейін төмендеген.
Ал Қытайда керісінше, жетекші ғалымдар саны 18,8 мыңнан 32,5 мыңға дейін өсіп, әлемдік үлесі 17%-дан 28%-ға жетті. Бұл Қытайдың ғылыми саладағы жаңа жетістігін көрсетеді.
Зерттеуде жетекші ғалымдар ретінде беделді халықаралық журналдарда маңызды мақалалар жариялаған зерттеушілер танылды. Dongbi Data 2020-2024 жылдар аралығында әлемнің 129 үздік басылымында жарық көрген 40 мыңнан астам ең көп дәйектелген мақалаларды талдаған.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан