Халықаралық валюта қорының мәліметінше, 2025 жылы әлемдік инфляция деңгейі 4,3%-ды құрайды. Бұл 2024 жылғы 5,8%-бен салыстырғанда төмен көрсеткіш.
Сарапшылар қызмет көрсету саласында инфляция деңгейі тауар нарығымен салыстырғанда жоғары болып қала беретінін болжауда. Сондай-ақ, алдағы жылдары АҚШ-тың экономикалық саясаты жаһандық экономикаға үлкен әсер етпек.
Экономистердің 56%-ы биыл әлемдік экономиканың әлсіреуін күтсе, тек 17%-ы жағдайдың жақсаруын болжайды.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан