АҚШ-тағы Symphoria және Black Ice AI деп аталатын компаниялар барлау және тергеу саласына арналған жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын әзірлеумен айналысады. Екі фирманы Қазақстанда туған кәсіпкер Елисар Нұрмағамбетов пен киберқауіпсіздік маманы Никита Пәнәмарев бірлесіп құрған.
Олар тергеу, сот процестері мен ірі дауларда қолдануға арналған ЖИ шешімдерін ұсынып, америкалық арнайы қызметтерге қызмет көрсетуге ұмтылып жатыр.
Symphoria негізінен e-discovery (электронды құжат айналымын талдау) мен арбитраж ісіне қолдау көрсетумен айналысады. Мысалы, үлкен көлемдегі мәліметтерді сұрыптап, түйінді ақпаратты анықтау арқылы тергеу шараларын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Black Ice AI бұған дейін АҚШ нарығына арналған деректерді талдау платформасын таныстырып үлгерген. Жобаның өзегі – деректердің әртүрлі көздерін (құжаттар, мәліметтер базалары, т.б.) біріктіріп, жасанды интеллект көмегімен жылдам өңдеу.
Black Ice AI -ға жетекшілік ететін Елисар Нұрмағамбетовке бір кезгі ЦРУ агенті Scott Uehlinger жәрдемдеседі. Компаниядағы 15-ке жуық аналитик әр жылдары АҚШ-тың түрлі мемагенттіктері, соның ішінде НАСА-да жұмыс істеген.
Компания бұған дейін Қазақстанның кейбір қаржы барлау органдарымен "ескі гвардияның" активтерін іздеу, заңсыз жолмен шығарылған қаражатты бақылау сияқты салаларда жұмыс істеуге тырысқан.
Forbes-қа сұхбат берген Нұрмағамбетов Жаңа Қазақстанның заказы бойынша шеттегі активін жасырған бірқатар тұлғаның әмиянына үңілгенін мәлімдеген.
«Ақорда тым сылбыр қимылдауда. Ескі Қазақстанның өкілдері активін жасырудың түрлі тәсілдерін біледі. Ширақ қимылдау қажет. Шеттегі капиталды соңғы тиынына дейін елге қайтару құр қиял. Мұның 10 пайызын қайтарсақ та үлкен жетістік», - деген еді Нұрмағамбетов.
t.me/askerenews телеграм каналынан