“ҚТЖ” ҰК” АҚ жедел мәліметтері бойынша 2024/2025 жылғы қыркүйек-қаңтар айларында 6,1 млн тонна астық тасымалданды. Оның ішінде 1,3 млн тоннасы – ел ішінде, ал 4,8 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. Экспорт көлемінің өсуі – 47%.
Экспорт бағыттары:
Өзбекстан – 1,8 млн тонна (+40%)
Тәжікстан – 724 мың тонна (+50%)
Қытай – 659 мың тонна
Ауғанстан – 217 мың тонна (+38%)
Иран – 576 мың тонна (өсім 29 есе)
Әзірбайжан – 266 мың тонна (өсім 88 есе)
2024 жылдың қорытындысы бойынша:
10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның 2,5 млн тоннасы – ел ішінде, 8,1 млн тоннасы – экспортқа жіберілді.
3,2 млн тонна ұн тасымалданды, оның 817 мың тоннасы – Қазақстан ішінде, 2,4 млн тоннасы – экспортқа (өсім +3%).
Ұнның негізгі импорттаушылары: Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан және басқа да мемлекеттер.
AGROPRESS телеграм арнасынан