Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас дамудың жаңа сатысына қадам басты – Мәулен Әшімбаев

Уақыты: 2025-02-13 Көрлімі: 49 Сипаттама

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас дамудың жаңа алтын дәуіріне қадам басып о...

IMG_5950.jpeg

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас дамудың жаңа алтын дәуіріне қадам басып отыр – Мәулен Әшімбаев


Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев таяуда еліміздегі дипломатиялық миссиясы басталған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті. 


Сұхбат барысында қазақ-қытай ынтымақтастығын арттыруда екі ел басшыларының достық қарым-қатынасы шешуші рөл атқарып отырғаны және соның арқасында бүгінде маңызды келісімдерге қол жеткізілгені сөз болды. 


«Елдеріміздің басшылары арасындағы тығыз және сенімді диалог стратегиялық серіктестікті нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер мен өзара сапарлардың нәтижесінде маңызды келісімдер жасалды және бірқатар перспективалы екіжақты құжаттарға қол қойылды. Осындай қарқынның арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас дамудың жаңа «алтын дәуіріне» қадам басып отыр. Біздің басты міндетіміз – Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға ықпал ету», – деді Мәулен Әшімбаев.


Кездесуде тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстан мен Қытайдың ұстанымдары ұқсас екеніне тоқталды. Сондай-ақ парламентаралық, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл шеңберінде жаһандық даму және жалпыға бірдей қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен бастамаларға мән берілді.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қытайда генеративті ЖИ нарығы 2029 жылға қарай 5 есе өседі
    Трамп журналистермен брифинг өткізді

    Ұқсас тақырыптар