Apple Қытайда ЖИ технологиясын енгізу үшін Alibaba-мен серіктеседі

Уақыты: 2025-02-14 Көрлімі: 42 Сипаттама

Apple Қытайдағы пайдаланушыларға жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін ұсыну үшін Alibaba-ме...

IMG_5960.jpeg

Apple Қытайдағы пайдаланушыларға жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін ұсыну үшін Alibaba-мен бірлесіп жұмыс істемек. Бұл туралы The Information басылымы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.


Компания бұған дейін Baidu-мен келіссөз жүргізген, бірақ оның технологиясы мен деректерді қорғау саясаты Apple-ға сәйкес келмеген. Сондай-ақ Tencent, ByteDance, Alibaba және Deepseek модельдері қарастырылған. Алайда Deepseek тәжірибелі мамандардың аздығына байланысты таңдалмаған.


Apple Alibaba-ны оның пайдаланушылар туралы ауқымды дерекке ие болуына байланысты таңдаған.


  ЖИ технологияларын енгізу компания үшін маңызды, себебі Қытайда iPhone сатылымы төмендеп келеді. Жаңа модельдерде басты жаңалық ретінде ұсынылған бұл функциялар елде әлі іске қосылмаған.


   t.me/atamekenbusiness_silkway


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады
    Бір жылда қытайлық туристер Қазақстанға 300 миллион доллар әкелді

    Ұқсас тақырыптар