Трамп Қытай және Ресеймен ядролық қаруды қысқарту мәселесін талқыламақ

Уақыты: 2025-02-19 Көрлімі: 39 Сипаттама

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай және Ресей басшыларымен ядролық қаруды азайту жөні...


IMG_6013.jpeg

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай және Ресей басшыларымен ядролық қаруды азайту жөнінде келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Трамп бұл тақырып бойынша бұған дейін де келіссөздер жүргізгенін айтты. Алайда нақты мерзімдерді атамай, жақын арада бастауға ниетті екенін жеткізді.


«Біз жыл сайын әскери шығындарға $1 трлн жұмсаймыз. Қытайдың бұл саладағы шығыны шамамен $400 млрд. Бұл қаражатты басқа маңызды мақсаттарға бағыттауға болады», – деді ол.


Оның айтуынша, Қытайдың ядролық қару саласындағы мүмкіндіктері АҚШ-тан әзірге төмен, бірақ алдағы 5-6 жылда бұл ел қуатын арттыруы мүмкін.


«Бізде әлемді бірнеше рет жоюға жеткілікті ядролық қару бар. Соған қарамастан, біз де, олар да жаңа қару жасап жатырмыз. Бізге бұл ядролық қару қажет болатын уақыт ешқашан келмейді деп үміттенемін», – деп түйіндеді Трамп.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • “Жебеу”РҚБ-ның ҚХР-дағы ТusStar(Шыңжаң) іскерлік алмасу орталығы ашылды
    Қысқы Азия ойындары: Қытай құрамасында өнер көрсеткен төрт қазақ үш «алтын» екі «қола» алды

    Ұқсас тақырыптар