Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Уақыты: 2025-03-11 Көрлімі: 17 Сипаттама

Облыс әкімінің баяндамасынан: жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақ...


IMG_6176.jpeg

Облыс әкімінің баяндамасынан:


   жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілген. Үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады;

   2028 жылға дейін жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын және 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталған;

   «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынған;

   аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр;

  Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.


  Мемлекет басшысы облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.


  Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады
    СИМ: зерттеу нәтижесі бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті

    Ұқсас тақырыптар