Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады

Уақыты: 2025-03-11 Көрлімі: 16 Сипаттама

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылым...

IMG_6178.jpeg

 Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылыми әлеуеті туралы баяндады.


   Ол бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайтынын, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар екенін атап өтті. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.

«Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі уақытта 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті»,

 — деді Саясат Нұрбек.


Министр жас ғалымдарға арналған гранттар конкурстарының арқасында 2 мыңнан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты. 



https://t.me/KZgovernment сайтынан

Пікір жазу
  • СИМ: зерттеу нәтижесі бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті
    Экономикадағы ғылыми жобалардың жалпы үлесі 118,4 млрд теңгені құрады – ҒЖБМ

    Ұқсас тақырыптар