Елімізде «AI-Sana» стартаптарын бизнес-үдеткіш бағдарламасы іске қосылады

Уақыты: 2025-03-11 Көрлімі: 25 Сипаттама

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында Қазақстанда жасанды...

IMG_6179.jpeg

 Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында Қазақстанда жасанды интеллектіні қолдануға мүдделі стартаптарға бизнесті үдетуді ұсынатын «AI-Sana» бағдарламасы әзірленіп жатқанын хабарлады.


   Бағдарлама жасанды интеллектті әртүрлі салаларда қолдануға мүдделі стартаптарға бизнесті жеделдетуді қамтамасыз ететіні атап өтілді. Ел өңірлеріндегі жетекші университеттер зияткерлік капиталдың негізгі көзі болады. 


«Биыл 650 мың студент жасанды интеллект бойынша арнайы курстардан өтеді, ал екінші кезеңде 100 мың студент Стэнфорд жоғары білім беру мектебінің бас техникалық директоры Пол Киммен бірлесіп дайындалған курстарды оқиды.  Жыл соңына дейін біз жасанды интеллект саласында 1-1,5 мың стартап команда құруды жоспарлап отырмыз»,

 — деп атап өтті Саясат Нұрбек.  



https://t.me/KZgovernment сайтынан

Пікір жазу
  • Экономикадағы ғылыми жобалардың жалпы үлесі 118,4 млрд теңгені құрады – ҒЖБМ
    Премьер-министр: 6 жыл ішінде ғылымды қаржыландыру 6 есеге ұлғайады

    Ұқсас тақырыптар