Еліміздің жоғары оқу орындарында жасанды интеллект қолданатын жобалар іске асырылуда

Уақыты: 2025-03-11 Көрлімі: 20 Сипаттама

Astana IT University-де жасанды интеллектіге байланысты пәнаралық жобалар іске асырылуда. Бұл т...


IMG_6181.jpeg

Astana IT University-де жасанды интеллектіге байланысты пәнаралық жобалар іске асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында университеттің қауымдастырылған профессоры Бейбіт Әбдікенов мәлімдеді.


   Ол Astana it University-де жасанды интеллектімен байланысты бірнеше пәнаралық жобалар іске асырылып жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, осындай жобалардың бірі сүт безі ісігін диагностикалау және болжауға қатысты жасанды интеллект технологиясын әзірлеумен байланысты.

«Жоба 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде іске асырылуда. Жыл соңына қарай онкологиялық диспансерлерде пилоттық жобаларды бастауды жоспарлап отырмыз», 

—  деді Бейбіт Әбдікенов. 


Оның айтуынша, бұлшықет сигналдарын автоматты түрде тану мүмкіндігі бар бионикалық білек протезінің жобасы әзірленуде. Қазіргі уақытта экзопротездің алғашқы прототипі жасалды. Жоба 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде іске асырылуда. 2026 жылы соңғы өнімді әзірлеуді аяқтап, клиникалық сынақтарды бастау жоспарлануда.



https://t.me/KZgovernment сайтынан 

Пікір жазу
  • Премьер-министр: 6 жыл ішінде ғылымды қаржыландыру 6 есеге ұлғайады
    Реинжиниринг нәтижесінде ғылыми саладағы бизнес-процестердің тиімділігі 70%-ға артты — ЦДИАӨМ

    Ұқсас тақырыптар