АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан жартылай өткізгіштер индустриясына қадам басты. Nazarbayev University зерттеушілері еліміздегі бірінші микропроцессорды жасады.
https://kaz.inform.kz/news/otandik-tungish-mikrochip-azrlend-9c9d0d/?ysclid=m89nq22m4j859665120
NU Инженерия және цифрлық ғылым мектебінің ассистент-профессоры Нұрсұлтан Қабылқастың айтуынша, чип жасау — бұл жай ғана әзірлеме емес, жаһандық жартылай өткізгіштер индустриясына бастау болатын соқпақ.
https://kaz.inform.kz/news/otandik-tungish-mikrochip-azrlend-9c9d0d/?ysclid=m89nq22m4j859665120
— Дайын процессорды әзірлеу мен сынақтан өткізуге 3 ай уақытымыз кетті. Қолымызда қарапайым прототип болғандықтан бейімдеу жылдам өтті. Уақытты ең көп алған кезең — тікелей жасап шығару болды. Дегенмен, бұл ретте де біздің рөліміз шамалы. Аталған процесс өндірісте орындалды және де біз дайын чипті күтіп отырдық, — деді ғалым.
Оның атап өтуінше, микросұлбаны жасап шығару өте қымбатқа түсетін процесс саналады. Сынаққа арналған чипті әзірлеудің өзіне ғана 100 мың доллар жұмсалуы мүмкін. Чип жасау Қытай Ғылым академиясының университетімен және Бейжің ашық негізгі кодтар институтымен халықаралық серіктестіктің арқасында жүзеге асты. Ғалымдар қазақстандық дизайнды серіктестердің жаппай өндірістік процесіне енгізіп, микросұлбаны тегін дайындай алды.
https://kaz.inform.kz/news/otandik-tungish-mikrochip-azrlend-9c9d0d/?ysclid=m89nq22m4j859665120
Әзірленген процессорды автоматтандырылған құрылғыларда, мысалы, бағдарламаланатын логикалық контроллерлерде (PLC) қолдануға болады. Онда жоғары өнімділік талап етілмейді, бірақ жұмыс сенімділігі пен болжамдылық аса маңызды.
Әзірлеушілер «Designed in Kazakhstan» деп таңбаланған бірінші чип ғылыми зерттеулер, білім беру және инновациялық өсім үшін жаңа мүмкіндіктер бере отырып, технологиялық экожүйені қалыптастыру және жаһандық жартылай өткізгіштер индустриясына ықпалдасуға негіз қалыптастыратындығына сенімді.
Бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ғылымды цифрландыру бағытында бірқатар тапсырма бергенін жазған едік.
Тегтер:
Назарбаев Университет
Ғалым
Өнертабыс
Цифрлық даму
Авторы :Марлен Жиембай