Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жалпы құны шамамен 5 млрд юань (шамамен 655 млн АҚШ доллары) болатын 18 негізгі инвестициялық жобаны жүзеге асыратынын хабарлады. Бұл туралы Қытайдың солтүстігінде өткен ШЫҰ елдерінің тұрақты даму жөніндегі ынтымақтастық конференциясында айтылды.
Жобалар жаңа энергия көздері, автокөлік өндірісі және басқа да салаларда іске асырылады. Келісімге сегіз мемлекет, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр және Өзбекстан қатысып отыр.
Ірі жобалардың бірі — Мысырдағы Суэц каналы экономикалық аймағында қуаттылығы 200 мегаватт болатын трансформаторлық станция салу. Конференцияда энергетика саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілді. Қырғызстан өкілдері қытайлық инвесторлардың энергетикалық жобаларға деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан