Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады

Уақыты: 2025-05-05 Көрлімі: 68 Сипаттама

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізба...

IMG_6996.jpeg

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады


– Қарулы Күштер еліміздің тәуелсіздігін, тыныштығы мен тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Құқық қорғау органдары заң мен тәртіпті, арнаулы қызметтер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келеді. Құтқарушылар ел-жұрттың амандығы үшін аянбай еңбек етіп жүр. Былтыр біз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын алғаш рет дербес орындауға кірістік. Бұл қадам халықаралық қауымдастықтың Қазақстан армиясына сенімі жоғары екенін көрсетеді. Біз – бейбіт мемлекетпіз. Барлық елмен достық қатынас орнаттық. Даулы мәселенің бәрін саяси диалог арқылы шешу керек деп санаймыз. Мен бұл Қазақстанның мызғымас ұстанымы екенін үнемі айтып жүрмін. Дегенмен қамсыз отыруға болмайды. Армиямыз кез келген сәтте өз міндетін орындауға сақадай сай тұруға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, тапсыру рәсіміне қат
    Президенттің айтуынша, мемлекет Қарулы Күштердің әлеуетін нығайтуға айрықша мән беріп отыр

    Ұқсас тақырыптар