Қытай қосымша құн салығын қайтару жүйесін жеңілдетіп жатыр

Уақыты: 2025-05-06 Көрлімі: 59 Сипаттама

Қытай билігі шетелдік туристерге арналған салық (ҚҚС) қайтару жүйесін жеңілдетуде. Бұр...

IMG_7006.png


Қытай билігі шетелдік туристерге арналған салық (ҚҚС) қайтару жүйесін жеңілдетуде. Бұрын салықты тек елден шығарда, әуежайда рәсімдеп қайтаруға болатын. Енді туристер арнайы дүкендерден сатып алған заттар үшін ҚҚС-ті тікелей банктік карта арқылы қайтара алады.


Жаңа жүйе бойынша:

 • ҚҚС жеңілдігі 11%-ға дейін болады;

 • Сатып алудың ең төменгі сомасы – 200 юань (шамамен 28 доллар);

 • Қайтаруға болатын салық сомасының шегі – 20 000 юань (2800 доллар).


Бұл өзгерістер Қытайдың барлық аймағында іске асады. Билік бұл шара шетелдік туристердің сауда жасауын көбейтеді деп күтуде. Өткен жылы Қытайға келген туристер 94 млрд доллар жұмсаған.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Си Цзиньпин Ресейге ресми сапармен барады
    Қытай Орталық банкінің басшысы Азия елдерін тарифтерге қарсы бірігуге шақырды

    Ұқсас тақырыптар