Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша, Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2025 жылғы қаңтар–сәуірде, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 6%-ға ұлғайған көрінеді.
«Көлік және қоймалау 22,4%-ға, құрылыс 16,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі 7,2%-ға, тау-кен өндіру 7,1%-ға, соның ішінде мұнай өндіру 8,8%-ға ұлғайды. Сауда-саттыққа келетін болсақ, көлем шамамен 7%-ға өсті», — дейді статистика.
Статистика деректері өнеркәсіптік өндірістің осы оң динамикасын көрсетуде. Өнімнің жалпы өнімі 6,6%-ға өсті, бұл ретте, машина жасау 11,2%, тамақ өнімдерін өндіру 12%, мұнай өңдеу 13,7%, химия өнеркәсібі 11,2%, металл бұйымдарын өндіру 21,6%, құрылыс материалдарын өндіру 12,9% қосты. Сондай-ақ көмір өндірудің 11,2%-ға өсуі байқалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,2%-ға ұлғайған дейді мамандар.
2025 жылдың алғашқы төрт айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 13,7%-ға өсті.
«Инвестициялық жобалардың елеулі саны өңдеу өнеркәсібінде-металлургия, мұнай өңдеу, газ өңдеу, химия өнеркәсібі және машина жасауда да іске асырылады», — дейді сарапшылар.