Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И Израиль сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, Бейжіңнің ұстанымын нақты жеткізді. Ол Иранға қарсы кез келген әскери әрекет халықаралық құқықты бұзатынын және мұндай қадамға жол берілмеуі керектігін айтты.
Ван И Қытай тек бейбіт келіссөздерді қолдайтынын, аймақтағы тұрақтылыққа тек дипломатиялық жолмен қол жеткізуге болатынын атап өтті. Бейжің тараптарды келіссөзге шақырып, бұл үдерісте белсенді әрі оң рөл атқаруға дайын екенін білдірді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан