Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер отырысында мынадай құжаттарға қол қойылды:

Уақыты: 2025-09-02 Көрлімі: 275 Сипаттама

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында мынадай...

IMG_8403.jpeg


Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында мынадай құжаттарға қол қойылды: 


1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Тяньцзинь декларациясы;


2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша құжаттарды бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі; 


– Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы;

– Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде экстремистік идеологияға қарсы іс-қимылдың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы; 

– Шанхай ынтымақтастық ұйымының Энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын іске асырудың жол картасы;


3. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Лаос Халық Демократиялық Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымының диалог бойынша серіктесі мәртебесін беру туралы шешімі;


4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жанындағы байқаушы мәртебесін алуы бойынша шешімі;


5. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің «Шанхай ынтымақтастық ұйымының серіктесі» мәртебесі туралы шешімі; 


6. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласын 2025-2026 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешімі; 


7. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Бас хатшысының құжаттарға қол қою өкілеттілігі туралы шешімі;


– Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Қытай Халық Республикасына келу шарттары туралы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісіміне хаттама;

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы мен «Росконгресс» қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;


8. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі туралы баяндаманы бекіту туралы шешімі;


– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі туралы баяндамасы; 

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының 2024 жылғы қызметі туралы баяндамасы.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы «ТрансАлтай диалогы» бастамасына қолдау білдірді
    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды ұсынды

    Ұқсас тақырыптар