
Зерттеуге 15–49 жас аралығындағы өңірлерден келген шамамен 14,4 мың әйел қатысты. Сауалнамаға қатысқандарға «ер адамның әйелінсабауға құқығы бар ма» деген сұрақ қойылды. 2015 жылы бұл сұраққа 15,1% әйел «иә» деп жауап берген болса, былтыр бұл көрсеткіш 4%-ға дейін төмендеген.
2024 жылы мұндай зорлықты ақтап алатын әйелдердің арасында ең жиі таңдалған себеп – әйелдің балаларға дұрыс қарамауы (2,8%) болған. Бұдан бөлек:
1,6% – әйелдің үй шаруасымен айналыспауы;
1% – әйелдің күйеуіне қарсы сөз айтуы;
0,8% – әйелдің күйеуін ескертпестен үйден шығуы;
0,3% – жақындықтан бас тартуы;
0,2% – тамақтың күйіп кету себептері де болған.
Егемен телеграм арнасынан




