Окинава маңындағы әуе оқиғасы Жапония мен Қытай арасын қайта ушықтырды

Уақыты: 2025-12-08 Көрлімі: 24 Сипаттама

6 желтоқсанда Окинава аралының оңтүстік-шығысында халықаралық сулар үстінде Қытайдың...


IMG_9400.jpeg

6 желтоқсанда Окинава аралының оңтүстік-шығысында халықаралық сулар үстінде Қытайдың «Ляонин» авиатасымалдаушы кемесінен көтерілген J-15 жойғыштары жапондық F-15 ұшақтарына екі рет радар бағыттады. Жапония Қорғаныс министрі Синдзиро Коидзумидің айтуынша, бұл әрекет шабуыл қаупін білдіреді, сондықтан Токио Бейжіңге ресми наразылық жіберді.


Ал Қытай тарапы жапон жойғыштары алдын ала жарияланған оқу-жаттығулар аймағына жақындап, кедергі келтіргенін мәлімдеді. Қытай Халық-азаттық армиясының Әскери-теңіз күштері өкілі Ван Сюэмэн Жапония ұшақтары жаттығу өтетін өңірге бірнеше рет кіргенін айтты.


Бейжің Токиодан «жала жабуды тоқтатуды» талап етіп, Қытайдың Жапониядағы елшісі У Цзянхао қатаң наразылық білдірді.


Оқиға екі ел арасындағы қатынас онсыз да күрделі кезеңде тіркелді. Окинавада АҚШ-тың шетелдегі ең ірі әскери-теңіз базасы орналасқан.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
    ҚР Қаржы министрлігі салық және кедендік әкімшілендіру тәсілдерін өзгертіп жатыр

    Ұқсас тақырыптар