Кедендегі кедергілер – инфляцияның өсуінің басты себептерінің бірі

Уақыты: 2025-12-08 Көрлімі: 275 Сипаттама

ҚР премьер министрі Олжас Бектеновтың назарына :Қазақстан мен Қытай арасындағы ең ірі...

IMG_9406.jpeg

ҚР премьер министрі Олжас Бектеновтың назарына :


Қазақстан мен Қытай арасындағы ең ірі өткізу пункттерінің бірі – Қорғас кеден бекеті. Соңғы жылдары бұл өткелде туындаған ұзақ кезектер, қатаң тексерістер және өткізу қабілетінің төмендеуі ел ішіндегі бағаның өсуіне тікелей ықпал етіп отыр. Экономистердің пікірінше, кедендік кедергілер – Қазақстандағы инфляцияның негізгі жасырын драйверлерінің бірі.


Қорғастағы басты мәселенің бірі – жүк көліктерін өткізу құнының тұрақсыздығы ,күрт қымбаттауы. Бұрын бір бағыттық тасымалдау орта есеппен1200 АҚШ долларына түссе, бүгінде ол 3000-5000 долларға дейін көтеріліп отыр. Кей жағдайларда баға одан да жоғары болуы мүмкін. Бұл өсімнің басты себептері – ұзақ күту уақыты, логистикалық кептелістер, тексеріс рәсімдерінің ұзаруы және тасымалдаушылардың қосымша шығындары.


Тасымалдау бағасының мұндай қарқынды өсуі ел ішіндегі барлық импортталатын күнделікті тұтыну тауарлар бағасының күрт қымбаттауына әкеліп соғып отыр . Өйткені жүк бағасы — соңғы тұтынушы төлейтін бағаның құрамдас бөлігі. Тауардың өзіндік құнындағы тасымал үлесі артқан сайын, дүкен сөрелеріндегі бағалар да қымбаттайды. Нәтижесінде, қарапайым тұрмыстық техникадан бастап, азық-түлікке дейінгі көптеген өнімдер кедендік кедергілердің кесірінен қымбаттап, инфляция деңгейін көтереді.


Экономикалық тұрғыдан алғанда, кедендегі әрбір кідіріс — уақыт пен ақша шығыны. Ал уақыт пен шығын — нарықтағы бағаның өсуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан Қорғас бекетіндегі жағдай тек логистиканың мәселесі емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына ықпал ететін факторға айналды.


Кедендік процестердің баяулауы мен тасымалдау құнының шектен тыс қымбаттауы — инфляцияның жеделдеуіне себеп болып отырған маңызды факторлардың бірі. ҚР үкіметі бұл мәселені шешпейінше, елдегі бағаның тұрақтануы да баяу жүреді.


Jebeu.kz сайты 

Пікір жазу
  • Түркі инвестициялық қорына артықшылыққа иенесие беруші мәртебесі берілді
    Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

    Ұқсас тақырыптар