ХҚКО-ларда кезек азаяды: қандай қызметтерді онлайн алуға болады?

Уақыты: 2026-02-26 Көрлімі: 4 Сипаттама

Цифрлық даму министрлігі мемлекеттік қызметтердің ең көп сұранысқа ие ТОП-10 түрін онла...

IMG_9894.jpeg

Цифрлық даму министрлігі мемлекеттік қызметтердің ең көп сұранысқа ие ТОП-10 түрін онлайн форматқа көшіруді жалғастырып жатыр. Нәтижесінде азаматтар қызметтердің басым бөлігін үйден шықпай-ақ ала бастады.


    Енді электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) толықтай онлайн рәсімдеуге болады – ХҚКО-ға бару міндетті емес. Биометриялық сәйкестендіру арқылы өтініш беріп, қолтаңбаны қашықтан алуға мүмкіндік жасалған.


   Тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелу қызметі де толық цифрлық форматқа көшті. Оны eGov порталы, eGov Mobile қосымшасы және банк сервистері арқылы онлайн рәсімдеуге болады.


   Статистика бойынша, мемлекеттік қызметтердің онлайнға көшуі ХҚКО-ға келетін азаматтар санын азайтып, кезектерді қысқартқан. Қазір көпшілік қызметті смартфон арқылы алуды таңдайды. 



egemen.kz  сайтынан 




Пікір жазу
  • ХҚКО-ларда кезек азаяды: қандай қызметтерді онлайн алуға болады?
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар