Қытайда электромобильді 9 минутта толық зарядтайтын технология пайда болды

Уақыты: 2026-04-11 Көрлімі: 7 Сипаттама

Қытайдың ірі автокөлік өндірушілерінің бірі электромобильдерді небәрі 9 минутта толық...


IMG_0206.jpeg

Қытайдың ірі автокөлік өндірушілерінің бірі электромобильдерді небәрі 9 минутта толық зарядтауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды. Бұл нәтижеге зарядтау станцияларының қуатын бірнеше есе арттыру арқылы қол жеткізілген. Жаңа жүйе электромобиль пайдалануды әлдеқайда ыңғайлы етеді.


Мамандардың айтуынша, көлікті кофе ішіп үлгеретін уақыт ішінде толық қуаттап, шамамен 600 шақырым жүруге болады. Сонымен қатар зарядтау станциялары электр желісіне артық жүктеме түсірмей, энергияны алдын ала жинап, қажет кезде беретін жүйемен жұмыс істейді.


Компания жылдам зарядтау инфрақұрылымын белсенді дамытып жатыр. Жыл соңына дейін мұндай станциялар саны 20 мыңға жетуі мүмкін. Қазір Қытайда 5 млн қоғамдық және 15 млн жеке зарядтау нүктесі бар, олардың саны жыл сайын шамамен 50%-ға өсуде.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнамынан


Пікір жазу
  • Қазақстан жұмыртқа импортын 6 айға шектеуді жоспарлап отыр
    Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

    Ұқсас тақырыптар