
Қытай 2026–2030 жылдарды қамтитын 15-бесжылдық аясында көлік инфрақұрылымын дамыту саясатын өзгертпек. Енді негізгі назар жаңа нысандар салуға емес, қолданыстағы көлік желісін жаңғыртуға аударылады. Бұл туралы Қытай көлік министрінің орынбасары Сюй Чэнгуан мәлімдеді.
Оның айтуынша, елдің негізгі көлік желісі бүгінде 91%-ға дайын. Оның құрамына 6 млн шақырымнан астам инфрақұрылым, соның ішінде 50 мың шақырым жоғары жылдамдықты теміржол және 199 мың шақырым автомагистраль кіреді.
Билік 2030 жылға қарай көлік желісінің дайындық деңгейін 95%-ға жеткізуді көздеп отыр. Осы мақсатта шамамен 80 мың шақырым қолданыстағы инфрақұрылым жаңғыртылып, тағы 500 мың шақырым ауылдық жол салынып немесе қайта жөнделмек.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан




