Қазақстан Азия даму банкінен 227.4 млрд теңге қарыз алады

Уақыты: 2026-11-04 Көрлімі: 7 Сипаттама

Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз алады. Қ...

IMG_2141.jpeg

Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз алады. Құрылтай тиісті келісімді ратификациялау туралы заңды екі оқылымда мақұлдады. 


???? Қарыз алу туралы келісімге 2026 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылған. Қарызды қайтару мерзімі – 15 жыл. Оның алғашқы үш жылы жеңілдік кезеңі ретінде белгіленген. Несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 1,69% болса, игерілмеген қаражат үшін жыл сайын 0,15% комиссия есептеледі.


Қарыз қаражаты әлеуметтік сала, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттар бойынша мемлекеттік шығындарды қаржыландыруға бағытталады.


egemen.kz телеграм арнасынан 

Пікір жазу
  • Қазақстан мен Түркия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар