Түркияда тұратын қазақтардың ұзақ-салқар көш тарихына назар ауларғанда бұл көштің қазақтың еркіндік жолындағы теңдессіз ерлігі екенін көреміз. Олар еркіндік үшін адам сенгісіз, қандай да бір ауыр қиыншылықтарды бастан кешірген.
1930 жылдары Қытайға қарасты Шығыс Түркістан өлкесінде Гоминдан үкіметінің губернаторы Шыңшисайдың зомбылықтарына шыдай алмаған қазақтардың Елісхан Тәйжі мен Зайып Тәйжі сияқты көш көсемдерінің жетекшілігінде, баяғыдағы Бөке батыр сияқты, азаттықты туған топырақтан тыс жерлерден іздеп шетке ауып кеткенін байқаймыз.
Фильм негізінен Мәнсүр Тәйжінің әңгімесі желісімен түсірілген.
Дереккөз: ДҚҚ баспасөз қызметі
Jebeu.kz