8 тамызда Қырғызстан қарулы күштері Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«2019 жылдың 8 тамызында милиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының МҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп еріксіз келтіру бойынша жүргізген іс-шаралары нәтижесінде А.Ш.Атамбаев ұсталды», - делінген хабарламада.
Ұстау кезінде арнайы операция орнында Қырғыз Республикасының ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиев пен оның орынбасары милиция полковнигі Алмаз Орозалиев жетекшілік еткен.
ІІМ-де хабарлағандай, Атамбаев Қырғыз Республикасы заңнамасына сәйкес әрі қарай тергеу шараларын жүргізу үшін сәйкес органдарға жеткізілді.