ҚР Тұңғыш Президенті— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде қазақ халқы қазіргі таңда Абылай ханның үш арманын орындап жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.
«Түркістанды көтеру – біздің халқымыз үшін қасиетті мәселе, біздің парызымыз. Бұл біздің көне, тарихы тереңде жатқан қаламыздың бірі. Басқа елге барсаң мысалы, Ресейдің Мәскеуден басқа Санкт-Петербургы бар. Түркияның Анкарадан басқа Ыстанбұлы бар. Бізде Алматымыз да бар. Енді барып келетін Түркістанымызда бар деп отырмыз. Сөйтіп-сөйтіп ел өркендейді, жер өркендейді. Екінші жағынан Абылай ханның арманын орындап жатырмыз. Қала сала алмадым деп кетті. Қазақты жерге жұмыс істеп үйретпедім деп кетті. Басын қоса алмадым деп үш арманымен өмірден өткен. Қала салу – сол ата-бабамыздың арманын орындаумен бірдей. Тәуелсіздігіміз де солай», - деді Елбасы «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде.
Автор Аян Бекенұлы