Жетекші партия елімізде алғашқылардың бірі болып «Корпоративті мәдениет диагностикасын» өткізіп, HR-қызметін күшейтуді бастап кетті. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев Town-hall кездесуінде мәлімдегені "Нұр Отан" партиясының фейзбуктегі парақшасында жарияланды.
Партия қызметін жаңғырту аясында жаңа кадрлық саясат жүйесін енгізу арқылы Орталық аппараттың кадрлық құрамына тың өзгерістер алып келмек.
Партиялық кадлардың кәсіби өсуіне барлық жағдай жасалмақ. Олардың біліктілігін жетілдіру үшін шетелдік мамандарды тартып, кәсібилігін арттыру көзделген. Нәтижесінде партияда 2-3 жыл жұмыс істеген маман жоғары лауазымды қызметтерге ұсынылуы қажет. Мысалы облыс әкімдерінің орынбасарлары, қала әкімдері және тағы да басқа қызметтерге.
Сондай-ақ, Грейд жүйесі арқылы партияда еңбек ететін азаматтардың еңбек ақысын төлеудің жаңа үлгісі енгізіледі. Одан бөлек барлық қызметкерлерге арналған жаңа ынталандыру бағдарламасы әзірленді. Тоқсан сайынғы бағалау, әр бөлімше мен қызметкер үшін дайындалатын, мақсат бойынша басқару негізінде жасалып, сыйлықақы беріледі.
- Бізге патриоттық рухтағы өз ісінің білікті мамандары, біздің құндылықтарымызды, идеологиямызды жақтайтын және біздің партиямыздың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді орындау үшін жұдырықтай жұмылып, жұмыс істеуге дайын адамдар керек. Біздің партияда жұмыс істейтіндер басқаларға үлгі болуы қажет. Біздің аппаратта «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар», еліміздің ең мықты мамандары жұмыс істеуі керек, - деді Мәулен Әшімбаев.
Jebeu.kz