2020 жылы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, күллі түркі жұртының бас ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болады. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов VI Халықаралық Фараби оқулары аясында өткен «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты Халықаралық Фараби форумының қорытынды жабылу жиналысында мәлімдеді. Ғалымқайыр Мұтанұлының сөзінен түйгеніміз Еуропадағы Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі қазіргі қалптасқан түсініктегідей Еуропалықтардың Италиядан бастау алатын өнер-білім, мәдениет, ғылымның қайта жандануы емес, осы қайта ойануға түрткі болған ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби екен. Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстыларының, соның ішінде, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасап. Дін үстемдік құрып, ұмтылған олардың еңбектерін Еуропалықтарға қайта таралуына жол ашқан.
Сонымен бірге осы жиналыста шығыстанушы, дінтанушы ғалым Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы әл-Фарабидың туған жылы және туған жері туралы тарихи деректерге негізделген қорытынды баяндама жасады. Айта кетерлігі әл-Фарабиді елімізде кешенді түрде зерттеуге мұрындық болған ғалым Ақжан әл-Машани болса, оған зор қолдау білдерген Қанш Сәтбаев болатын. Олардың табанды еңбектерінің нәтижесіне 1975 жылы Алматыда ЮНЕСКО шешімі бойынша әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай халқаралық конференция өткізілген.
Айта кетерлігі бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылатын бұл оқу орыныныда биылғы жылдың 8-20 сәуір аралығындағы VI Халықаралық Фараби оқулары аясында бірнеше ғылыми-теориялық және әдістемелік, ғылыми-практикалық конференциялар, «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өткізіліді. Сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Үздік жас ғалым» байқауының қортындысы бойынша университет дамуына қосқан үлестері үшін бірнеше жас ғалым марапатталды.
Биофизика және биомедицина кафедрасы
PhD. Әлібек Ыдырысұлы