ҚазҰУ еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі болып саналады

Уақыты: 2019-03-21 Көрлімі: 1086 Сипаттама

Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрс...

dfdOgCnZ4.jpg

Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтар. Менын арманым ең керемет деген университетке тусу болды.   

         Арман адам баласын игі істерге жетелеп, болашаққа бағыттайды.

Алга койган максатым аркылы мен Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне келдым. Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, Мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар күтіп тұрғанын оған қоса мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін. Ал енді осы басыма қонған бақты аялау әрі қарайғы менің басты міндетім. Әл – Фараби бабамыз өз сөзінде: « Бақытқа жеткізетін еркін әрекет —  тамаша әрекет» дегендей, сол тамаша әрекеттің бірі – ол білімге деген құштарлық деп санаймын. 

Университетке аяқ тірегелі бері өзімді нағыз телегей теңіз білім ордасына, жалынды жастардың қатарына енгеніме өте қатты қуанамын. Өйткені, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы — сапалы білім екенін өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап көрсеткен болатын.

Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші , әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 220-ші орынды иемдене білген, Қазақстандағы нөмері бірінші университет сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. 

Мен осы университеттің ең жас факультеттерінің бірі – Шыгыстану факультетіне тустім. Ия, осы кезде сурак пайда болады? Неге бул факультет, ерекшелігі неде? Осы университетке тускенде мен жан-жакты болып, ары-карай озімді дамытамын деп уаде бергенмін.  Бұл факультеттің тарихи қойнауы өте бай. Мен сонын ішіндегі шетел филологиясы кытай тілін тандадым.

Корытындылай келе,Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан елінде ең классикалық университет мәртебесіне ие. ҚазҰУ еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі болып саналады.

ҚазҰУ көптеген шетелдік университеттермен байланыста. Бұл тұрғыдан университетімізді жастардың жоғары білім, білік дағдыларын қалыптастыруы мен сананы жаңғырту жолындағы, студенттердің кәсіби маман болу жолындағы орасан мүмкіншіліктер ордасы десе де болады. Осы Қара шаңырағымыздан талай танымал қоғам қайраткерлері, депутаттар, ақындар, көк туымызды желбіреткен спортшылар және өз ісінің мамандары түлеп ұшты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

1 курс студенті Жумабекова Райхан

Жетекші:  Шәріпқазы Нұртәліп

 

 


Пікір жазу
  • Алға жетелеген нұрлы арман
    Университетім – мақтанышым

    Ұқсас тақырыптар