Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Е.Б.Сыдықовтың жарлығымен университет жанынан "ҚЫТАЙТАНУ ҒЫЛЫМИ ИНСТИТУТЫ" ресми түрде құрылып, директоры болып белгілі қытайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы тағайындалды.
Осы жаңалықпен бөліскен қытайтанушы Дүкен Мәсімxанұлы фейзбуктегі парақшасына
қытайтану иниституттарын көптеп құрудың қажеттігі мен көкейкестілігін, Отанға оралған кездерінен бері жан-жақты көтеріп келе жатқандарын жазып, жаңа президент келген кезде иниституттың ашылуын жақсылыққа жорыды.
"Өздеріңіз де білесіздер, су жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та елдің іші-сыртына кеңінен танымал қытайтанушы-ғалым. ЕҰУ жанынан қытайтану институты ашылуының Қ.Тоқаевтың таққа отыруымен тұспа-тұс келуін өзімше жақсылыққа жорып отырмын", - деді Дүкен Мәсімxанұлы.
Иниститут директоры Қытайтану институтының алдына қойып отырған мақсаттары мен міндеттері өте ауқымды екенін айтты.
"Алдағы уақытта институт ҚХР ішкі-сыртқы саясатының басты бағыт-бағдарын, Ресми Пекиннің Шығыс және Оңтүстік Азия елдерімен, Тайванмен, Батыс әлемімен, Түркі әлемімен, Ислам әлемімен, Орта Азия елдерімен (оның ішінде әсіресе Қазақ елімен) қарым-қатынасын зерттеуге көбірек ден қоятын болады.
Сонымен бірге аталған институт ҚХР-ның өз ішіндегі ұлтаралық, дінаралық, экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерінің қайнары мен беталысы туралы да ғылыми болжам жасап, билік бұтақтары мен жалпы оқырманға ұсынып отыратын болады.
Қытай мұрағаттарындағы ежелгі қазақ (түркі) тариxы мен мәдениетіне қатысты деректерді жинақтап шығару;
Әйгілі қытай ғалымдарының ежелгі қазақ (түркі) тариxы мен мәдениетіне қатысты зерттеулерін, сонымен бірге қытай xалқының (xань зу) менталитеті мен таным-талғамын еліміз оқырмандарына таныстыру мақсатында қытай әдебиетінің таңдаулы үлгілерін қазақ тіліне аударып шығару да институт жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Сондай-ақ институт еліміздің салалық министрліктері мен ұлттық компанияларынан, және жеке тұлғалардан арнайы тапсырыс қабылдай отырып, оларды уақтылы, сапалы орындап беруге де ықыласты
екенін қаперлеріңізге саламыз", деп жазды қытайтанушы.
Jebeu.kz