Қазақстанда ең төмен күнкөріс деңгейі шілдеде 29 618 теңгені құрады

Уақыты: 2019-08-02 Көрлімі: 791 Сипаттама

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәліметінше, Қазақстанда ең тө...

6328dff5d2c1c5147d1ebb39bad1f3ba.jpg

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәліметінше, Қазақстанда ең төмен күнкөріс деңгейі шілдеде 29 618 теңгені құрады.

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12% жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 19,9%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,8%, жемістер мен көкөністерді – 10,9%, нан және жарма өнімдерін – 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2% құрады», делінген министрліктің хабарламасында.

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. 

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Ербол Нұрбаев: Көлсайда туризм мәдениеті қарқынды дамып жатыр
    Өнімді жұмыс істеу үшін 5 қарапайым қадам

    Ұқсас тақырыптар