Қазақстан аумағында 5G желісі қашан толық іске қосылады?

Уақыты: 2019-10-28 Көрлімі: 1390 Сипаттама

5G желісін 2023 жылдан бастап барлық облыс орталықтарында қосады. Бұл туралы Парламент Мә...

1154582.jpg

 5G желісін 2023 жылдан бастап барлық облыс орталықтарында қосады. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті. 

«Қазақстанда жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес, министрлік Қазақстанда 5G желісін енгізу бойынша жұмыстар атқаруда. Осы орайда, Жол картасы бекітілді. Қазіргі кезде 5G жаңа мобильді байланыс технологиясын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 5G мобильді байланысының тесттік сынағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілді. Сынақтар жақсы нәтиже көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Hub» аумағында 5G желісін коммерциялық негізде іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Ол 2020 жылы толықтай іске қосылады. Осылайша, 2021 жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университеті мен ЭКСПО-да, ал 2022 жылы әуежай пен вокзалда, сауда орындары мен алаңдарда 5G технологиясын енгізу жоспарлануда. Одан әрі 2023 жылдан бастап барлық облыс орталықтарында енгізу жұмыстары жүргізіледі», - деді Асқар Жұмағалиев.

Министр 5G желісін енгіземіз деп жатқан Қазақстанның көптеген ауылдары әлі де 4G желісіне қол жеткізе алған жоқ. Қазақстанда экотуризм дамып жатыр дейміз, бірақ көптеген туристік жерлерде мүлде байланыс желілері жоқ. Бұл жөнінде  министрге мәжіліс депутаттары өз сауалдарын жолдады. 

"2017-2019 жылдары 1291 ауылдық елдімекен қамтасыз етіледі. Ал қалған 4000 ауылдық елдімекенге интернет 2025 жылға дейін қосылады деп айтқан. Оны біз ұмытқан жоқпыз. Сіздер болсаңыздар, 2 жылдың ішінде 3324 ауылға интернет қосып беріп отырсыздар. Ауылдарды көріп жүрміз, 250 тұрмақ, 1000 адамнан асатын ауылдарда жоғары жылдамдықты интернет жоқ. Берген ақпараттарыңызды оқитын болсақ, билайн, кссел, теле2 операторлары Қазақстандағы 1600 ауылды 3 G интернетімен қамтасыз етіп тастады делінген. Мен ондай мәліметті билайн мен кселден ала алмадым. Ондай ақпарат жоқ. Сонда қалай болды? Біз енді "Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасын қалай орындаймыз? Яғни жалған ақпараттан гөрі әрі ауылда жоғары жылдамдықты интернет болу керек. Ол бәлкім 2020 жылы аяқтала қоймас, бірақ 2021 немесе 2022 жылы оны орнатуға болады деп ойлаймын. Ауылға барғанда тұрғындар интернет жоқ деген кезде кейде біз ұятқа қаламыз. Сіздер мына жақта қағаз жүзінде бәрін қатырып қоясыздар, ауылдық жерлерге барсаңыздар, жоғары жылдамдықты интернет жоқ. Одан кейін әлемдік рейтингте Қазақстан интернеттің жоғары жылдамдығы жөнінен 2018 жылы 57-орында болса, 2019 жылы 64-орынға түсіп қалды. Бұл яғни жұмыстың нашарлығын көрсетеді. Егер де ақпартыңыз рас десеңіз, сіз айтқан 3324 ауылды барып көрейік. Мен дайынмын!", – деді депутат Нұртай Сабильянов.

Jebeu.kz






Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен шағын құрамда келіссөздер жүргізді
    Әл-Бағдадидің өлімі: ДАИШ өз миссиясын атқарып болды ма?