Қазақстан туризмнің қарқыны жоғары елдер қатарына енді

Уақыты: 2020-02-05 Көрлімі: 640 Сипаттама

Қазақстан туризмнің қарқыны жоғары ТОП-20 елдің қатарына енді. Мұндай деректі БҰҰ Дүние...

33077.jpg

Қазақстан туризмнің қарқыны жоғары ТОП-20 елдің қатарына енді. Мұндай деректі БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) ұсынды.

Ұйымның мәліметтері бойынша, 2019 жылы Қазақстан 20-шы орында орналасқан. Өсім 10%-ды құрады.

Қазақстаннан жоғары Литва (10,1%), Израиль (10,5%) және Әзірбайжан (11,4%) орналасқан.

Сонымен қатар, көрші Өзбекстан туристердің ағынын 27,3%-ға ұлғайтты және төртінші орынға жайғасты. Өсім бойынша көшбасшылар үштігінде Мьянма (40,2%), Пуэрто-Рико (31,2%) және Иран (27,9%) орналасқан. Армения да тізімге енді-14 орын (14,4%).

Айта кетейік, өткен жылы ең көп баратын ел Франция болды – 90 млн турист. Одан кейін Испания орналасқан – 83,8 млн турист.

Дереккөз: 7kun.kz


Пікір жазу
  • Қырымбек Көшербаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған үш жылдық жұмысты қорытындылады
    А. Мамин: Халықтың нақты табысын арттыру жұмыстарын күшейту қажет

    Ұқсас тақырыптар