Коронавирус әуе компанияларын қанша шығынға ұшыратты?

Уақыты: 2020-04-16 Көрлімі: 605 Сипаттама

Еnergyprom басылымы COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстанның әуе компаниялары қанша шығы...

1.png

Еnergyprom басылымы COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстанның әуе компаниялары қанша шығынға ұшырайтынына талдау жасады.

Ондағы мәліметке сүйенсек әуе бағытындағы сапарлардың шектелуіне байланысты қазақстандық әуе компаниялары 235 млрд теңге, ал әуежайлар 24,5 млрд теңге, «Қазаэронавигация» 28 млрд теңге жоғалтқан. 

«COVID-19 пандемиясы біздің елдің де, әлемнің де көліктік-логистикалық секторына үлкен соққы жасады. Мәселен қазақстандық әуе компаниялардың наурыз айындағы жолаушылар тасымалы 2019 жылдың наурызындағы көрсеткішімен салыстырғанда 32,4 пайызға, ал осы жылдың ақпан айының көрсеткішімен салыстырғанда 34,6 пайызға, яғни 394,57 мың жолаушыға азайған. Әуе көліктері үшін жолаушылар айналымы наурыз айында 46,1 пайызға (өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда), ал ақпан айымен салыстырғанда 41,6 пайызға құлдыраған. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сәйкес Қазақстанда коронавирустың кең етек алуына жол бермеу үшін 97 халықаралық бағыт бойынша рейстерді аптасына 438-ге дейін (немесе 97 пайызға) қысқартылған», - деп жазады Еnergyprom.

Сонымен қатар, ішкі тұрақты рейстердің бәрін де тоқтату туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытта ел аумағында тұрақты әуе қатынастары мүлде жоқ. 

«2020 жылдың 22 наурызына дейін ішкі 45 бағыт бойынша аптасына 540 рейс (күніне 77 рейс) орындалып келген еді. Алайда 2020 жылдың 2 сәуіріне қарай Қазақстанның қалалары арасындағы тұрақты рейстердің бәрі тоқтатылды. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (IKAO) болжамына сенсек, 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында әуе компаниялары ұсынатын креслолардың саны 51 пайызға азаяды. Сонымен қатар тасымалданатын жолаушылардың саны 500 млн адамға қысқарады. Әуе компанияларының операциялық шығындары 124 млрд АҚШ долларына теңеседі. Ал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ІАТА) жолаушыларға байланысты сала шығыны 2020 жылға қарай шамамен 252 млрд АҚШ долларына жететінін болжап отыр», - делінген хабарламада.

Болжамды мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда әкелінген жолаушылардың саны наурыз-сәуір айларында 70 пайызға азаяды. 


Пікір жазу
  • Сәуле Барақбаева: Біздің мақсатымыз үстемақы алу емес науқастарды емдеп шығару
    Қашықтан оқыту барысы қалай жалғасуда?

    Ұқсас тақырыптар