Б. Атамқұлов: Қазақстанда өндірілген тауарлар импорттық өнімнен кем түспейді

Уақыты: 2020-06-02 Көрлімі: 1416 Сипаттама

Қазіргі уақытта елімізде өндірілетін таурарлардың сапасы импорттық өнімнен кем түспе...

20190510155753768_big.jpg

Қазіргі уақытта елімізде өндірілетін таурарлардың сапасы импорттық өнімнен кем түспейді, кейде одан да асып түседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. 

«Индустрияландыру жылдары өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамытуда айтарлықтай өзгерістер болды. Мысалы, жеңіл өнеркәсіпте шағын және орта бизнесті ынталандыра отырып, біз осы саланы іс жүзінде қайта жандандыра алдық. Қазіргі уақытта елімізде мата, кілем, балалар мен ересектер киімі, шұлық өнімдері, аяқ киім, бас киім және тағы да басқа тауарлар өндіріледі. Бұл ретте олардың сапасы импорттық өнімнен кем түспейді, кейде одан да асып түседі», - деді Б. Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде 1 мыңнан астам компания жұмыс істейді, онда 17,9 мың адам еңбек етеді. Биыл индустрияландыру жобаларында 17 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.  

«Жыл сайын Индустрияландыру картасы аясында жобалар іске қосылады. 2015-2019 жылдары ішінде 5,2 трлн теңгеге 556 жоба енгізілді, 85 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал 2020 жылы әкімдіктердің деректері бойынша 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құрып, 1,1 трлн теңгеге 160 жобаны іске қосу жоспарлануда», - деді министр.





Пікір жазу
  • Асқар Мамин: Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе
    «Biz birgemiz» акциясы аясында 500 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілді

    Ұқсас тақырыптар