Қазақстанның сүт шығаратын 6 кәсіпорыны өнімдерін Қытайға экспорттай алады

Уақыты: 2020-07-29 Көрлімі: 642 Сипаттама

Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының кәсіпорындары өз сүт өнімдерін Қытайға эксп...

200729093916993e.jpg

Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының кәсіпорындары өз сүт өнімдерін Қытайға экспорттай алатын болды, деп  Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР-ның Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде тағы үш қазақстандық сүт өңдеуші кәсіпорын Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне енді. Олар: «Гормолзавод» ЖШС (Көкшетау, Ақмола облысы), «Дәулет-Бекет» (Талдықорған, Алматы облысы) және «Лидер-2010» (Рудный, Қостанай облысы).

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы сапары аясында Бейжіңде сүт және сүт өнімдерін экспорттауға ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойды. Сол кезде Алматыдағы Фудмастер, Қарағандыдағы Евразия Инвест LTD және Түркістандағы Golden Camel Group LTD сияқты үш компания өз өнімдерін көрші мемлекетке сату құқығын алған болатын.

Қазіргі уақытта сүт және сүт өнімдерін өндіретін 6 кәсіпорын өз өнімдерін Қытайға экспорттай алады.


Пікір жазу
  • Кондиционер пневмония тудыруы мүмкін бе?
    NASA SpaceX миссиясының ең тамаша суреттері

    Ұқсас тақырыптар