Жапондық робототехника стартапы сегіз тілде аударма жасайтын ақылды масканы ойлап тапты, деп jebeu.kz СNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Govid-19 пандемиясы бетперделердің күнделікті қажетілігін арттырған кезде, жапондық Donut Robotics стартаптары ақылды масканы ойлап тапты. Олар ақылды масканы - коммуникацияны және әлеуметтік қашықтықты жеңілдету үшін жасалған, стандартты бет жамылғыларына дейін жоғары технологиялық жаңаруды қамтамасыз еткен.
Ақылды маска C-Face Smart mask бағдарламасы арқылы дыбысты(сөйлеуді) транскрипциялай алады, пайдаланушының дауысын күшейтеді және сөйлеуді жапон және қытай, корей, вьетнам, индонезия, ағылшын, испан және француз тілдері қатарлы сегіз тілге аудара алады. Бағдарлама орнатылған смартфонға Bluetooth арқылы қосылады. Масканың Bluetooth чипі смартфондарға 10 метр қашықтықтан қосыла алады.
Donut Robotics стартапы алдымен Cinnamon роботына арналған аударма бағдарламасын жасаған. Алайда пандемия басталған кезде робот жобасы тоқтап қалған. Бұл тығырықтан шығу үшін команданың инженерлері өздерінің бағдарламалық жасақтамаларын маскаға қолдану туралы ойға келеді. Ақылды маска осы жылға тек Жапония нарқына ғана шығады деп жоспарлануда. Желтоқсан айына дейін 5000-нан 10000-ға дейін маска шығады. Олардың бағасы 40-50 доллар аралығында болады деп күтілуде. Стартап мүшелері АҚШ пен Ұлыбританияның ақылды маскаға қызығушылық танытып отырғанын айтады.
Jebeu.kz