Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты туралы тоқсан сайынғы есеп жарияланды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз..
«2021 жылы экономикалық өсім 3,7 - 4,0% құрайды, 2022 жылдың бірінші жартысында шамалы бәсеңдеу болады», - делінген хабарламада.
Жылдық инфляция 2021 жылдың аяғында мақсатты 4-6% деңгейінің жоғарғы шегіне дейін біртіндеп баяулайды деп болжануда.
Айта кетсек, Ұлттық банктің болжамдары бойынша, 2020 жыл қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,3-7,5% деңгейінде болады.
Сонымен қатар,орта мерзімді перспективада 2020 жылғы төмен базаның және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп қалыпқа келуіне байланысты экономиканың оң өсу қарқындарының қалпына келуі байқалады.