Тәуелсіздікке 30 жыл: Сәуір айы «Ғылым және технологиялар» айдарымен өтуде

Уақыты: 2021-04-06 Көрлімі: 425 Сипаттама

Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтуд...

210406130334280e (1).jpg

Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтуде. Мерейтойды мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес әр ай белгіленген жеке тақырыппен өтеді, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Атап айтқанда, Наурыз елдің ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне арналса, ал сәуір айы «Ғылым және технологиялар» айдарымен өтеді.

Барлық іс-шаралар мен жобалар мерейтойлық жылдың басты идеясы «Жасампаздыққа толы жылдар» белгісімен өткізіледі.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің сәуір айындағы кестесі оқуда, ғылымда жоғары жетістіктерді көрсетіп жүрген жас талантты қазақстандықтарды таныту және қолдау жөніндегі бірқатар іс-шараларды қамтиды.

«Жастарға мықты тәуелсіз Қазақстанды құруға оның өз білімін, уақыты мен күшін жұмсауына қолайлы жағдай жасау қажет», - деп атап өтті Президент Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында.
Бұл ретте, Қазақстанда жас ғалымдарды қолдауға бағытталған бірқатар жоба іске қосылды.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры еліміздің ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары жанындағы үздік Жас ғалымдар кеңесі байқауын жариялады. Жеңімпазды анықтау кезінде байқау комиссиясының мүшелері жас ғалымдар кеңесінің белсенділігі мен жұмысының нәтижелілігіне қарай бағалайтын болады.

Сондай-ақ, Қор Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарында ғылымның, технологиялар мен техниканың басым бағыттары бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары мен жас ғалымдардың жұмыстарын қаржыландыруды ұсыну бойынша гранттар алуға конкурс жариялады.
Білім және ғылым министрлігі қазақстандық ғалымдардың ғылым мен жаңа технологиялардың әртүрлі салаларындағы жетістіктерін танымал ету бойынша «GYLYM TALKS» интернет-жобасын іске қосты. Сонымен қатар, осы ай ішінде «Ақылды ұрпақ» жас ғалымдардың онлайн-форумын өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің 34% - дан астамын 35 жасқа дейінгі қызметкерлер құрайды.


Пікір жазу
  • Қазақстанда елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді
    Қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы таланттар шоуында «алтын» алды

    Ұқсас тақырыптар