Әлемдегі ең үлкен қазақ үй Құлжа қаласында бой көтерді

Уақыты: 2021-05-31 Көрлімі: 827 Сипаттама

Қытайдың «Орталық халық радиосы» ұсынған ақпаратта Құлжа қаласында бой көтерген алып...

1567571843489.jpg

Қытайдың «Орталық халық радиосы» ұсынған ақпаратта Құлжа қаласында бой көтерген алып киіз үй өзінің көлемімен қатар, қазақтың қол өнер мәдениетін әйгілейтін жасау-жабдықтарымен де жұртты тамсандыруда, деп Қазақ радиосының сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз. 

  Көрген адамның көзін арбайтын ерекше киіз үй «Іле жібек жолы шұғыласы» ЖШС-ның қаржыландыруымен жасалған. Ал ондағы ұлттық қолөнер жабдықтарын «Іле тасбұлақ ұлттық киімдер» кәсіпорны дайындаған.

 «Қазақ халқы хан, сұлтандарға арналған ат үстінен шаңырақ көтеріп, уық шаншып тігетін, 30 қанатты киіз үйді «Алтын орда» деп атайды. Ал Құлжа қаласындағы этнопарктың орталық алаңына тігілген киіз үй - биіктігі 10,2 метр, ішкі радиусы 20 метр, аумағы 350 шаршы метр болатын – зәулім орда.

 Алып киіз үйдің қаңқасы болат шыбықтан тұрғызылғаннан кейін, үйдің сыртқы туырлық, үзік, түңілігіне дейін қолмен басылған киізбен жабылған. Сонымен бірге үйдің ішкі баулары, басқұры, ораулы шиі сияқты барлық жабдықтары түгел қолөнер бұйымдарымен толығып қазақтың нағыз дәстүрлі киіз үй мәдениетінің музейін қалыптастырған. Бұл ерекше мәдени нысан ашылғаннан кейінгі аз уақыттардың ішінде даңқы алысқа тарап, Іле жеріне аяқ басқан туристердің асығып жететін, қызыға тамашалайтын орнына айналды. 


Пікір жазу
  • Білге ақын. Олжас Сүлейменов туралы толғаныс
    Қыз жасауына қосатын құнды еңбек немесе келіндерге керек кітап

    Ұқсас тақырыптар