Ұлттық банк экономиканы қайта қалпына келтірудегі басты қауіп-қатерді атады

Уақыты: 2021-07-26 Көрлімі: 215 Сипаттама

Еліміздің Ұлттық банкі экономиканы қайта қалпына келтіруде қандай тәуекелдер бар екен...

210726164953502a3816485i.jpg

Еліміздің Ұлттық банкі экономиканы қайта қалпына келтіруде қандай тәуекелдер бар екенін атап көрсетті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Іскерлік белсенділікті саралай келе түсінгеніміз, Қазақстанда ол Ұлттық банк күткен көрсеткішке сәйкес дамып, серпінді қарқынмен қалпына түсіп келе жатыр. Карантин шектеулеріне қарамастан, 2021 жылдың екінші тоқсанында көптеген салада оң үрдіс байқалды және биылғы қаңтар-маусым аралығындағы нәтиже бойынша экономиканың өсуі 2,2% болды. Жалпы алғанда, 2021 жылдың қорытындысына сәйкес 3,6-3,9% болжам аясында келе жатырмыз», - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Оның айтуынша, экономикалық белсенділіктің өсуі ең алдымен сауданың едәуір ұлғаюына және тау-кен өнеркәсібі мен көлікті қысқартудың баяу қарқынына байланысты.

«Қызмет көрсету саласындағы белсенділіктің артуына кірістер мен жалақының ұлғаюы аясындағы тұтынушылық сұраныстың артуы, фискалдық ынталандыру, сондай-ақ еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы қолдау көрсетеді. Екі таңбалы өсу қарқыны құрылыста да сақталып отыр. Қаңтар-маусымда ол 11,9% өсті. Бұған инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру ықпал етті», - дейді ол.

Сонынмен қатар, Ұлттық банк басшысының орынбасары, ауқымды фискалдық және квазифискалдық ынталандыру экономиканы қалпына келтіруде маңызды екенін айтты.

«Инфляцияның өсімі секілді монетаның кері жағы да бар, оған жедел тұтынушылық импорттың 30%-ға өсуін қосыңыз. Бұл, әрине, төлем балансының ағымдағы шотына теріс әсер етеді. Өкінішке қарай, Қазақстанда өндірілген тауарлар тізбегі шектеулі және негізінен шикізатпен ұсынылған. Бұл 2015 жылдан бері байқалып келе жатқан төлем балансының ағымдағы шотының тұрақты тапшылығына байланысты. Осыған орай бізде фискалдық қолдаудың бір бөлігін импорт жояды және қажетті нәтиже бермейді. Экономиканы қалпына келтіру үшін түбінде бәрібір қауіп сақталатынын айту керек. Әлемнің көптеген елдерінде COVID-19-бен ауырғандар тағы да өсе түсті. Бұл жағдай Қазақстанда да бар. Шектеу шаралары қайта жандануда, бұл өз кезегінде қызметтер мен өнеркәсіптегі іскерлік белсенділікке теріс әсер етпей қоймайды», - деп өз бағамын жасады банк өкілі.

А. Баймағамбетов базалық мөлшерлемені арттыру экономиканың тұрақты өсуіне әсер ететінін және экономикалық белсенділіктің шамадан тыс арту тәуекелін азайтатыны туралы пайымын алға тартты.

Бұған дейін хабарламағанымыздай, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов ҚазАқпарат тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

Оның толық нұсқасын төмендегі видеодан тамашалауға болады.


Автор Әли Ибраев


Пікір жазу
  • Қазақстан экономикасында қандай өзгерістер болады?
    Өңдеу өнеркәсібінің қандай салалары белсенді дамуда

    Ұқсас тақырыптар