Еліміздегі қай салаларға инвестиция салуға болады?

Уақыты: 2021-12-07 Көрлімі: 266 Сипаттама

Бүгін елордада Жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы «дөңгелек үстел» отырысынд...

211207165149950e.jpg

Бүгін елордада Жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы «дөңгелек үстел» отырысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстанда қай салаларға инвестиция салуға болатынын айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Біздің негізгі мақсат – бірінші кезекте экономиканың басым секторларына инвестиция тарту. Сонымен қатар, Қазақстанға келетін барлық инвесторға кешенді қызметтер ұсынамыз. Осы орайда салалардың кең шоғыры бойынша біздің тізбеде көптеген жоба қамтылған. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығына ерекше екпін қойылып отыр. Мұнымен қоса, туризмде, логистикада, мұнай-химия секторында, денсаулық сақтауда және басқа да салаларда жобалар ескерілген», - деді Мейіржан Юсупов.

Сонымен қатар ол форум барысында шетелдік бизнес өкілдеріне еліміз тарапынан елеулі жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді.

«Қазіргі кезде Үкімет инвесторларға жеңілдіктер ұсыну үшін бірқататар маңызды қадамдарды іске асырып жатыр», - деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.


Пікір жазу
  • Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы
    Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті

    Ұқсас тақырыптар