«Қаңтар қасіреті»: Қытай баспасөзі не дейді?

Уақыты: 2022-02-06 Көрлімі: 343 Сипаттама

2022 жылдың басында елімізде орын алған «Қаңтар қасіреті» өзіміз де, өзге елдер де күтпег...

vaitv.jpg

2022 жылдың басында елімізде орын алған «Қаңтар қасіреті» өзіміз де, өзге елдер де күтпеген тосын оқиға болды. Қазақстанды жіті зерттеп отырған Қытайдың өзі «әкау, көршімізге не болды?» деп, таңғалып, оқиғаның барысын қадағалады.

Жаңаөзен қаласында газ бағасының қымбаттауына наразылық танытқан митингінің бүкіл республика көлеміндегі қозғалысқа айналып, жат саяси мақсатта жаппай тонау, өртеу және қирату басталғанда, оқиғаның насырға шауып бара жатқанын сезіп, Қытай Қазақстандағы мүддесін қорғауды қарастырды, Мемлекет басшысы мен Сыртқы істер министрі қазақстандық әріптестеріне телефон шалып, Қазақстанға әскери көмек көрсетуге әзір екендіктерін айтты. Алайда Қазақстан Президенті мен Сыртқы істер министрі оларға рахмет айтып, әкери көмек алудан сыпайы түрде бастартады. Іс жүзінде Қазақстанға әкери көмек керек-ақ, еді, ондай көмекті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымынан (ОДКБ) алды.

Мұны Тайвань және АҚШ-тағы қытай тілді интернет сайттары: «Қазақстанның Қытайдан алыстап, Ресейге жақындауы», «Қазақстан бойынша Ресей мен Қытай арасындағы арпалысыта Қытай жеңілді», - деп бағалады.

ҚХР-дың CCTV 13 сияқты ресми ақпарат құралдары «Қаңтар оқиғасы» барысын негізінен оъективті түрде өз халқына жеткізіп отырды. Ал оқиғаның орын алу себептері жөнінде жасаған сараптамалық пайымдарында екі түрлі пікір айтылды.

Бірінші пікір: «Қазақсандағы наразылық шеруі тұрмыстық мәселені көтеруден басталып, күрделі саяси мәселеге айналып, қазіргі билікке қауіп төндірді. Бұл іс жүзінде жасырын жүріп жатқан күрестердің жарыққа шығуы. Қазақстанда халық тұрмысының қиындауы, газдың, жанар-жағар майдың, тұрмыстық бұйымдар бағасының шарықтап кетуі, энергетика саласында қара базардың етек алуы, төңіректен енген мигранттардың көбеюі, халық наразылығын тудырды. Халықтың үкіметке наразылығын шетелден енген жау элеметтер өз мақсатына пайдаланып, кең көлемде зорлық-зомбылық әректтер жасады. Бұл ішкі тәртіпсіздік емес, террорлық шабуыл. Оны діни экстремистік күштер жасады. Олар үлкен дайындықпен, өте ұйымшылдықпен, жоспарлы түрде әрекет етті. Мақсаты - қазіргі билікті төңкеріп тастау болды. Жалпы оқиғаның ішкі және сыртқы себептері өте күрделі. Оның артында АҚШ пен Еуропа тұрған болуы да мүмкін», - дейді.

Екінші пікір: «Zhang Fu деген сарапшының пайымдауынша, АҚШ пен Еуропа Қазақстанға саяси және идеология саласына сіңіп кірді. Алайда, АҚШ Қазақстанға зор көлемде инвестиция салушы мемлекет болғандықтан, бұл елде төңкерістік былықпалықтың болуын қаламайды. Сондықтан, АҚШ-ты мемлекеттік деңгейде «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастыруға араласты деуге келмейді. Алайда, Қазақстанда 20 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар бар. Оның ішінде экстремистік діни күштер жұмыс жасайтынын есеруіміз керек. Бұл Қазақстанның ішіндегі және сыртындағы экстремистердің бірлесіп жасаған бұзақылық әрекеті», - дейді.

Ал Америка, Тайваньдағы қытай тілді сайттарда айтылған пікірлер де екі түрлі.

Бірінші пікір: «Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері демократиялық құқықтың жүйе қалыптастыралған жоқ. Отыз жыл бойы бір адамның билеп-төстеуінде болды. Нұрсұлтан Назарбаев авторитарлық билік жүргізді, мемлекетті жеке отбасындық компаниясына айналдырды. Олигархтар мүддесі қорғалды, халықтың тұмысы нашарлай берді. Энергетикаға аса бай мемлекетте мұнай-газ бағасы, тағам бағасы шарықтады. Бұған наразы халық митингіге шығып өз талаптарын қойды. Арты қақтығысқа ұласты. Билік қатаң жаныштады», - дейді.

Екінші пікір: «Нұрсұлтан Назабаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарым-қатынасын, екі тұлғаның өмір жолын, қызмет тәжірибесін, білім-біліктілігін, саяси ұстанмадарын салыстырып саралай келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назабаевтың өзі таңдаған ізбасары еді. Алайда, Тоқаев ас ішіп, аяқ босатып отыра беретін адам емес-ті. Ол бәрін біліп отырды. Тарихи орайдың келуін күтті. Қазақстанда мемлекет көлемінде төңкерістік шабуыл жасалғанда, ол ерекше саяси парасаттылығын көрсетті. Өте ұтымды шаралар қолданып, жағдайды бақылауында ұстады және тез арада қоғамдық тәртіпті қалпына келтірді. Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде 1989 жылы студент жастардың коррупцияға қарсы тұрып, демократияны талап еткен қозғалысы кезінде ҚХР басшысы Чжао Цзыян істей алмаған істерді істей алды. Айырықша тұлға екендігін көрсете білді», - дейді.

Қытай тілді электронды құралдарда алып-қашпа ақпарлар да айтылды. Мысалы, 9 қаңтарда: «Ресей Қазақстаннан диаспораларын шығарып жатыр. Путиннің мақсаты - Ресей азаматтарын азап тартудан қорғау екен. АҚШ-та бір бөлім дипломаттарын Қазақстаннан дереу шығып кетуге бұйырды», - деп соқты. Сондай-ақ, бұл оқиғаның шетелдік қолдаушылары АҚШ-тықтар дегенді меңзейтін уағыздар да айтылды. Мұны алыптар арасындағы күрестердің аңысы деп түсінген жөн.

ҚХР-дың ресми ұстанымы Қытай төрағасы Си Цзиньпинның 25 қаңтарда Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толуына орай өткен Самитте сөйлеген сөзінде айтылды. Ол: «Біз Қазақстан тарапының тұрақтылықты сақтап, зарлық-замбылықты тоқтатуын батыл қолдаймыз. Сондай-ақ, шамамыз келгенше Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге және көмектесуге дайынбыз. Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменді басшылығында, Қазақстан халқы мемлекет дамуының тіпті де көркем болашағын қарсы алатынына сенеміз», - деп атап көрсетті.

Елімізді ойрандаған кешегі «Қаңтар оқиғасы» бар жағынан Қазақстанның халықаралық қатынастардағы маңыздылығын айшықтай түсті. Солтүстіктегі алып көшісіміз Ресей әскери көмегін көрсетсе, Шығыстағы қоңыс Қытай ақпараттық қолдау көрсетіп отырды. Төңірегіңді доспен қоршасаң жау алмайды деген осы болар. Қытай тілді ақпарат құралдарының  аталмыш оқиға жөнінде жариялаған сараптамалардан кәсібилікті де, идеологиялық тенденциясын да анық ағарамыз.

Нәбижан Мұқаметханұлы,

қытайтанушы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры

Дереккөз: Abai.kz

Сурет: Дереккөз


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» съезінде қандай мәселелер көтерді?
    «Олимпиадалық дипломатия» немесе Президент Қ.Тоқаев Қытай еліне қалай барып қайтты

    Ұқсас тақырыптар