Президент Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспары қабылданды

Уақыты: 2022-03-29 Көрлімі: 414 Сипаттама

Президент Жолдауында айтылған іс-шаралардың сапалы және уақытылы орындалуына бірінші...

5.JPEG.jpg

Президент Жолдауында айтылған іс-шаралардың сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Президент Жолдауында айтылған ауқымды саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды іске асыру үшін 10 негізгі бағыттан тұратын Жалпыұлттық жоспар әзірленді. Бірінші кезекте аса маңызды саяси реформаларды іске асыру көзделіп отыр. Ол үшін Президенттің өкілеттігі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, мәслихаттардың, әкімдердің функциялары мен оларды құру тәртібі, саяси партия құру мәселелеріне қатысты конституциялық заңдар мен басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет.

Сондай-ақ, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгереді. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешені іске асырылады», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, ұсынылған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары Жолдауда айтылған міндеттерге толық сәйкес келеді және барлық келісу рәсімдерінен өтті. Сондықтан жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет. Ондағы әрбір іс-шараның сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты екенін баса айтқым келеді. Орынбасарларыма жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов.


Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту мақсатында заңнамаға қандай түзетулер енгізілетінін айтты.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы енгізіліп отыр. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы 10 бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Олар елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуге, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды қабылдауға бағытталған», - деді ол бүгін Үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, «Президенттің өкілеттіктері туралы» бірінші бағыт бойынша 3 іс-шараны іске асыру көзделген.

«Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту мақсатында заңнамаға мынадай түзетулер енгізіледі. Олар:

- Президенттің өз өкілеттіктерін атқаруы кезінде саяси партияға мүшелігін тоқтатуын;

- Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салуды;

- Президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе оларды тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастауды;

- аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін лауазымынан босату құқығын жоюды көздейтін болады», - деді министр.

Сонымен қатар Әлібек Қуантыровтың айтуынша, партиялық құрылымдардың мемлекеттік аппаратпен бірігуіне жол бермеу үшін заңнамаға Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелерінің партиядан міндетті түрде шығуы туралы ережелер енгізіледі. Әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партиялардың филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салынады.

Cурет: primeminister.kz

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
    Сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?

    Ұқсас тақырыптар