М. Әшімбаев: Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

Уақыты: 2022-11-24 Көрлімі: 232 Сипаттама

Сенаттың жалпы отырысында Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда өткен Президен...



Сенаттың жалпы отырысында Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда өткен Президент сайлауының қорытындысына тоқталды.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлау алдындағы бағдарламасында белгілеген маңызды міндеттерді іске асыру үшін Парламент ауқымды жұмыс атқаруы қажет екенін жеткізді.

«20 қарашада елімізде сайлау өтті. Мемлекетіміз үшін аса маңызды кезеңде халық өз таңдауын жасап, дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын жариялады. Сайлаушылардың 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс берді. Осы орайда ел азаматтары Мемлекет басшысының стратагиялық бастамалары мен Әділетті Қазақстан құру мақсатына бірауыздан қолдау білдірді. Сайлау ашық әрі әділ өтуі үшін барлық тиісті жағдай жасалды», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, отандық және халықаралық байқаушылар сайлаудың ұлттық заңнамалар мен осы бағыттағы халықаралық стандарттарға сай өткенін мәлімдеді.

«Жалпы, бұл сайлау Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айғақтайды. Енді, алдымызда Президент айтқындап берген маңызды міндеттерді іске асыру жолындағы ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан бәріміз бірге сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген басымдықтарды табысты жүзеге асыруымыз қажет. Осы бағытта бірлесіп нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін», - деді Сенат төрағасы.

.


Пікір жазу
  • АҚШ-та жүк көлігін жүргізетін қазақ қызымен сұхбат
    Жастарға төмен пайызбен несие алудың шарттары қандай?

    Ұқсас тақырыптар