Әйел – ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен

Уақыты: 2022-12-05 Көрлімі: 546 Сипаттама

Табиғатынан нәзік әйел затының қолына қару алып Отанды қорғауы қазіргі таңда жаңалық...

Снимок.JPG

 

Табиғатынан нәзік әйел затының қолына қару алып Отанды қорғауы қазіргі таңда жаңалық емес. Әркезде ерлермен бірге иін тіресе жауынгер батыр әйелдер Қазақ даласын қорғаған. Қазір тәуелсіз Қазақстанның армиясында көптеген әйелдер қауымы әскери қызмет өткеруде, ал бұрындары «армияда қызмет ету – әйелдің ісі емес» деп қалыптасқан ұғым қазір жоқ деседе болады.

Өткенгекөз жүгіртер болсақ, қазақ қоғамында және көне түркілерде әйелдердің орны жоғары болған. Әйел ошақтың сақтаушысы, балалардың анасы, сонымен бірге керек болған жағдайда қолына қару алып, ерлермен бірге өз отбасын және Отанын қорғаған.

Тарихта көптеген елі мен жерін қорғаған батыр қыздардың болғаны белгілі. Оның жарқын мысалы ретінде сақ патшайымдары Томирис пен Заринаны, Айбике ару мен Ақбикеш, Малайсары және Қабанбай батырлармен бірге жоңғарларға қарсы соғысқан Гауһарды, ағасы Кенесары ханмен бірге соғысқан Бопайды келтіруге болады. Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерлік танытқан – пулеметші Мәншүк Мәметова, мерген Әлия Молдағұлова, ұшқыш Хиуаз Доспанова, зенитші Ақлима Ақжолова, десантшы Қалзия Асанова, баолаушы Жәмилә Сәлімова мен ұшақ механигі Дәмелі Жәкеева және т.б. дәлел.

Снимок1.JPG

3656 әскери бөлімінде әскери қызметтің бүкіл шектеулері мен талаптарын орындаумен бірге отбасын, оның құндылықтарын сақтауға да уақыт таба білген – көп баланың мейірімді анасы қаржы қызметі бастығының көмекшісі лейтенант Нарымбекова Жанна Тілекқабылқызы да бар.

Жанна Тілекқабылқызы Ақтөбе облысының тумасы, отбасында 3 бала. Әкесі электрик, анасы теміржолшы еңбекқор отбасында тәрбие алғандықтан, еңбектің қасиетін жастайынан бойына сіңіріп өскен. 1998 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне түсіп, 2003 жылы Ақтөбе мемлекеттік университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша үздік аяқтады. 2000 жылы ҚР ҰҚК Әскери институты Ішкі әскерлер факультетінің 3 курсының курсанты Нарымбеков Серік Балатайұлымен тағдырын байланыстырып, 2001 жылы нағыз офицердің жұбайы ретінде сол кездегі Ішкі әскердің гарнизондарына жұбайымен өмірге жолдама алады. 2004 жылы Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің қаржы қызметіне бухгалтер лауазым атқаруға әскери қызметке шақырылады. Осы уақытқа дейін түрлі қызметтерді атқарып, қазіргі таңда авиациялық базаның қаржысын игеріп отырған білікті маман.

Снимок3.JPG

Жанна Тілекқабылқызы: «Адам өміріндегі – ең үлкен қуанышы бала сүю» деп Бауыржан Момышұлы бабамыз айтқандай балалы болу бақыт, ал көп балалы болу одан да үлкен бақыт. Аллаға мың шүкіршілік етемін. Қиын күндерден өттік. Ата-бабаларымыз аңсаған, қол жеткізген тәуелсіздік мәңгілік болсын. Ендігі арманым біздіңбалалар бейбіт өмір аясында бақытты ғұмыр кешіп, иманды болып, Отанын, отбасын шексіз сүйіп, құрметтеуі» дейді.

Күні кеше Жанна Тілекқабылқызы Астана қаласы Есіл ауданының әкімінің қабылдауында болып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.

Ана қашанда ақ тілегін ұрпағынан, елінен аямайтыны анық, сол үшін де ананың тұғыры биік, шұғыласы шуақты! Көп балалы ана –ерекше мәртебе. Қай кезде болмасын анаға артылған жүк ауыр – ана болу, ал көп балалы ана атану нағыз ерлік десек те болады. «Әр баланың өз несібесі бар» деп тектен-текке айтылмаған болар. Көп балалы отбасы – құт-береке орнаған шаңырақ. Осындай отбасылар ұлтымызға өнеге, жас ұрпақ өкілдеріне тағылым мен тәрбие.

 

 

сержант Әзімхан Салтанат Оразбекқызы

3656 әскери бөлімі

Астана қаласы

 


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді
    Мораторий – бизнеске мүмкіндік

    Ұқсас тақырыптар