Қарин: 2022 жыл – жаңа Қазақстан тарихындағы ең күрделі де маңызды жыл

Уақыты: 2022-12-30 Көрлімі: 231 Сипаттама

2022 жыл – жаңа Қазақстан тарихындағы ең күрделі де маңызды жыл. Бұл туралы Мемлекеттік к...

Снимок.JPG

2022 жыл – жаңа Қазақстан тарихындағы ең күрделі де маңызды жыл. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, деп BAQ.KZ порталына сілтеме жасап хабарлаймыз. 

2022 жыл жаңа Қазақстан тарихындағы ең күрделі, бірақ маңызды жылға айналды. Ол несімен есте қалды? Оның басты саяси тренді қандай? Бұл жерде бірнеше сәтті атап өткен дұрыс. Қаңтар оқиғасынан кейін және халықаралық шиеленістер эскалациясы негізінде қоғамда шоғырлануға деген сұраныс туындады. Бұл сұраныс елдегі саяси жоспардың жаңа деңгейін бекітіп, азаматтық шоғырлануды айқындаған маусымдағы референдум барысында көрініс тапты, - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Айтуынша,  тағы бір саяси оқиға қоғам мен.мемлекеттің ел болашағына жұмырлануын көрсеткен.

Өз кезегінде, қарашадағы президент сайлауының нәтижесі қоғам мен мемлекет ел дамуының әрі қарайғы келешегіндегі бірыңғай түсінікті көрсетті. Сондықтан бұл жылдың басты саяси нәтижесі — билік қоғамдық шоғырланудың жаңа деңгейіне шығарып, оны ұстап тұра алуында. 2022 жылды жан-жақты реформалар жылы деп атауға толықтай негіз бар, - деді ол.

Сондай-ақ Президент жыл бойы екі рет Жолдау жолдап, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық саладаңы түбегейлі өзгерістерге бастама көтергеніне тоқталды. Нәтижесінде саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасы іске асырылды, конституциялық реформа жүргізіліп, монополиясыздандыру мен экономиканы құрылымдық қайта құрк процесі басталды, үш жаңа облыс құрылды.

Биыл басталған және жүзеге асырылған бұл реформалар әрі қарай алға жылжуға серпін береді. Сондықтан бұл жылғы Президенттің реформалары келесі 2023 жылғы саяси күн тәртібін анықтап береді деп айтуға болады. Тарих беттерінде қалып бара жатқан жылы қоғамдық өрісте түрлену басталды. Мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде жаңа тұлғалар пайда болып, жаңа қозғалыстар мен бірлестіктер, соның ішінде саяси партиялар құрылды. Ұлттық құрылтайдың отырысын өткізу жалпыұлттық диалогты жаңа институционалдық деңгейге шығарды, - деді Мемлекеттік кеңесші.

Сонымен қатар ол сыртқы саясатқа тоқталды.

2022 жылы Қазақстан сыртқы саясатты белсенді жүргізді. Орын алған күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан, еліміз сындарлы да қарқынды сыртқы саяси курсты ұстап тұруын жалғастырды. Біз негізгі әріптестерімізбен өзара тиімді әріптестікті дамыттық. Президенттің Қытай, Ресей, Түркия, БАӘ, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Франция мен Өзбекстанға баруы жаһандық турбуленттілік жағдайында мемлекеттің көпвекторлы сыртқы саясатында жаңа мәнге ие болды, - дейді Қарин.

Сонымен қатар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейінгі алғашқы шетелдік сапарын Қазақстаннан бастауы, Рим Папасы Францисктің апостолдық сапары маңызды деп отыр.

Сараптамалық қауымдастық үшін 2022 жыл базалық қоғамдық құндылықтардың жаңа жүйесін іздеуде дискуссияның басталуы ретінде есте қалады. Қоғамда жаңа құндылықтық матрицаны түбегейлендіру үшін мемлекет мақсатты түрде еңбек пен ниеттестік, білім беру культі, табиғатқа жанашырлықпен қарау идеологиясын алға қойды. Биыл қоғам тарапынан қолдау тауып, ең сәтті идеологиялық бастаманың бірі — қазіргі егемендігімізді айғақтайтын Республика күнін басты ұлттық мереке ретінде қайта белгіленуі. Осылайша, жыл қорытындысын жасай отырып, ол біздің елдігіміз үшін көптеген теңдессіз бастамаларды бағындыру мен елдің жан-жақты жаңаруының бастауы ретінде есте қалатынын айтқым келеді, - деді Ерлан Қарин.

Фото: дереккөз


    Пікір жазу
  • Қазақстан мен Өзбекстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
    Тоқаевтың табелі. Ішкі саясатта не болып жатыр?

    Ұқсас тақырыптар